Қоғам

Керекуден бас жүлдемен оралды

Павлодарда Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай республикалық ақындар айтысы өтті. Еліміздің әр өңірінен келген дүлділдер төрт жұпқа бөлініп бақ сынады. Аламанның бас жүлдесін жерлесіміз Айшолпан Тілеутай қанжығасына байлады.

Шығыстың намысын қорғап жүрген айтыскер Керекудегі жыр додасынан кейін бірден Өскеменге жол тартты. Себебі кеше облыс орталығында «Тəуелсіздік жыр басы» атты облыстық ақындар айтысы ұйымдастырылған болатын.

Әлеуметтік желі арқылы қуанышты жаңалығымен бөліскен айтыскер қыз өзіне үлкен қолдау білдірген жанашыр жандарға алғысын жеткізді.

  • Дүниежүзін жайлаған індет кезінде төрт қабырғаға қамалып отырған қиын. Бірақ айтыс ұйымдастырушыларына шексіз алғысымды жеткізгім келеді. Кереку еліне аяқ басқаныма қуаныштымын, – деді Айшолпан.

Павлодарда өткен республикалық айтыста қазылар алқасының шешімімен бас жүлде Айшолпан Тілеутайға бұйырса, бірінші орынды қызылордалық Жамбыл Бақытәліұлы жеңіп алды. Жүлделі екінші және үшінші орындарды Нұрсерік Тәуекелов пен Мақсұт Нариман иеленді.

Балауса МЭЛСҚЫЗЫ

 

Осы айдарда

Back to top button