
Белоусовка кентінде тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты азайту мақсатында «Ашық әкімдік» кеңсесі ашылды.
Глубокое ауданының Белоусовка кентінде «Ашық әкімдік» кеңсесі ашылды. Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты азайту үшін мемлекеттік органдардың ашықтығын, айқындығын, есептілігін қамтамасыз ететін жоба аясында жұмыс істейтін кеңсе жергілікті тұрғындарға бірқатар мемлекеттік қызмет түрлерін алуға мүмкіндік берді.
«Ашық әкімдік» өзекті мәселелерді шешу бойынша жедел шаралар қабылдап, мәселенің қайталануына жол бермейді. Сондай-ақ аталмыш кеңседе мамандар түрлі мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды. Бұған қоса, кент әкімі аптасына бір рет жеке қабылдау жүргізеді.
Кеңсенің кіреберісінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылып, қажетті құрылғылармен, ақпараттық стендтермен қамтамасыз етілді. Мұнда әрбір келуші интернет желісіне қосылған дербес компьютерді пайдалана отырып, өзіне қажетті қызмет түрін ала алады.
Cурет: шартты