Қоғам

Кент тұрғындары керегін алды

Кент тұрғындары керегін алды


Белоусовка кентінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Таң сәріден басталған жәрмеңкеге жергілікті тұрғындар көптеп жиналды.

Онда «Содружество», «Букунов» «Пиксарь», «Пчельник» шаруа қожалықтары жиыны 3,5 тонна ет және ет өнімдерін саудаға шығарса, «Красный Яр», «ШиХ», «Шахан-Ата» серіктестіктері және «Русанов» шаруа қожалығы мен «Загородская», «Иманбаев», «Огмар», «Ахметкалиева», «Степанов» сынды жеке кәсіпкерлер бал, қарақұмық, бұршақ, күнбағыс майы, балық, ұн, жұмыртқа, нан, сүт өнімдерін саудалады.

Бұл сауда мерекесіне жеткізілген азық-түліктің бір парасы ғана. Жалпы 30 түрлі тауар тұтынушылардың қалауына ұсынылған. Яғни, ауыл шаруашылығы өнімдерімен қатар кеңсе және шаруашылық тауарлары да сатылымға түсті.

Жәрмеңкенің басты артықшылығы – бағаның төмендігі. Азық-түлік нарықтағы бағадан әлдеқайда төмен сатылды. Себебі тауар өндірушілер өнімдерін алармандарға делдалсыз ұсынып, табыс тапты. Ал тұрғындар қажеттісін сатып алды. Сапасы мен тиімді бағасының арқасында ауыл шаруашылығы өнімдері әп-сәтте сатылып кетті.

Ауылдан жүк артып келген қожалық иелері тауарларын толықтай сатып, көңілі жайланса, кент тұрғындары үйлеріне олжалы қайтып, ұйымдастырушылардан осындай жәрмеңкені айына кем дегенде бір рет ұйымдастырып тұруларын өтінді.

Гүлнәр Мусина,
Глубокое ауданы

Осы айдарда

Back to top button