Қоғам

Кеншілер қаласындағы сенімді жеңіс

Кеншілер қаласындағы сенімді жеңіс


Футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел чемпионатының оныншы турында сырт алаңда теміртаулық «Шахтер-Болатпен» шеберлік байқасқан «Алтай» сенімді жеңіске қол жеткізіп, турнир кестесіндегі үшінші орнын сақтап қалды.

Семейліктер бұл ойынның тағдырын кездесудің бірінші таймында-ақ шешіп тастады деуге болады. Сергей Тимофеевтің командасы алғашқы 45 минутта қарсылас қақпасынан екі рет саңылау таба білді. Голдар Алексей Шакин мен Арман Нүсіптің еншісінде.

Екінші кезеңде командалар бір-бір реттен көзге түсіп, нәтижесінде матч 1:3 есебімен «Алтайдың» пайдасына аяқталды. Біздің команданың үшінші голын Алексей Мальцев соқты.

Осы жеңісінен кейін 20 ұпай жинаған «Алтай» турнир кестесінің екінші сатысындағы «Тараздың» (21 ұпай) өкшесін басып келеді. Келесі турда жерлестеріміз өз алаңында алматылық «Қайраттың» қосалқы құрамын қабылдайды. Бұл матч 1 маусым, жұма күні ойналмақ.

Сәрсен Қаблым

Осы айдарда

Back to top button