Қоғам

Келесі жылы ТЕГІН вакцина БОЛМАЙДЫ

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой  коронавирусқа қарсы шетелдік вакциналар болашақта ақылы түрде салынатынын айтты.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте тілшілер ревакцинация кезінде қолданылатын вакциналар туралы сұрады.

– Біздің пайымымыз бойынша, Қазақстанның өзге елдерге қарайламай, тиімділігі клиникалық зерттеулермен дәлелденген өз вакцинасын шығара алатын мүмкіндігі бар болғандықтан, отандық екпені ғана кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында сатып алуға болады. Оның өзінде қалған вакциналар тұмау сияқты аурулардың екпесі секілді коммерциялық айналымға жіберіледі. Біз қазір өндіруші компанияларды нарыққа кіріп, қызметін ұсынуға үгіттеп жатырмыз, – деді министр.

Ведомство басшысы Қазақстанда тіркелген вакциналарды шектеу жоспарланбағанын айта келіп, бұл шетелдік вакцина түрлерін азаматтар өз қаражаты есебінен ғана қолданатынын түсіндірді.

– Оның өзінде қалған вакциналар тұмау сияқты аурулардың екпесі секілді коммерциялық айналымға жіберіледі. Біз қазір өндіруші компанияларды нарыққа кіріп, қызметін ұсынуға үгіттеп жатырмыз, – деді министр.

Ведомство басшысы Қазақстанда тіркелген вакциналарды шектеу жоспарланбағанын айта келіп, бұл шетелдік вакцина түрлерін азаматтар өз қаражаты есебінен ғана қолданатынын түсіндірді. Яғни Спутник V және QazVac вакцинасынан басқа екпелерді қосымша, ақылы негізде салдыруға болады. Қазір фармкомпаниялар бұл мәселені пысықтап жатыр.

– Біз өз вакцинамызды шығара аламыз. Оның клиникалық тиімділігі дәлелденген. Ол вакцинаны кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында сатып алатын боламыз. Бірақ басқа вакциналар тұмау мен басқа да екпелер сияқты коммерциялық айналымда болады. Адамдар ол вакциналарды ақылы түрде салдыра алады”, – деді Цой.

Осы айдарда

Back to top button