Қоғам
Келешектен үлкен өзгерістер күтеді

Өскемендегі №47 орта мектепте орналасқан №2 дауыс беру учаскесінде дзюдо мен самбодан спорт шебері, қазақ күресі бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ел құрамасының мүшесі Талғат Әміренов дауыс берді.
– Бүгін біздің еліміз үшін, біздің халқымыз үшін ұлы күн деп есептеймін. Біз болашақтан үлкен үміт, үлкен өзгерістер күтеміз. Ел Президентінің Ата заңға өзгерістер енгізу туралы шешімі елімізге оң әсер етуі тиіс. Қазақстанымыздың дамып, мықты мемлекетке айналғанын, халқымыздың ауызбіршілігі арта түскенін қалаймын. Елімізді мақтан тұта берейік! – деді спортшы.
Аталған учаскеде 2963 адам тіркелген, сағат 9-ға дейін 500-ден астам адам дауыс беріп үлгерді. Маңызды саяси науқанға халық өте белсенді қатысып жатыр.
Ержан Әбіш