ТОП

Келер жылы Новостройка ауылына апаратын жол салынады – ШҚО

Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданының Новостройка ауылына апаратын көлік жолы келер жылы салынады. Бұл туралы аймақ басшысы Самар ауданының тұрғындарымен болған кездесуде айтты, деп хабарлайды Didar ақпарат тілшісі.
Кездесуде тұрғындар аталған ауылға апаратын жолдың жағдайы сын көтермейтінін, бұл жолмен жүру мүлдем мүмкін емес екендігін тілге тиек еткен.
Бұл мәселес келер жылы шешімін табанын атап өткен облыс әкімі аудан жұртшылығын жоспарланған жол құрылысы сапалы әрі уақытында орындалуы үшін қоғамдық бақылау жүргізуге шақырды. Сондай-ақ аймақ басшысы аталған құрылыс жұмыстарын өзі де тікелей бақылауға алатынын тілге тиек етті.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін облыс әкімі Ермек Көшербаев Самар ауданында тұрғындармен кездесу өткізіп жатыр.

Didar ақпарат

Осы айдарда

Back to top button