Қоғам

Келдімұратқа асфальт «келді»

Азамат Темірбеков

Бүгінгі күні Үржар ауданына қарасты Келдімұрат ауылының екі көшесіне асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асқан жұмыстар нәтижесінде Келдімұрат ауылының көшелеріне асфальт төселіп, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осылайша биыл  ауылдың жалпы ұзындығы 6,1 шақырым болатын  қос көшесі асфальтталмақ.

Жалпы бұл аудандағы мемлекеттік бағдарлама аясында қолға алынып жатқан жалғыз жоба емес. Атап айтсақ, қазіргі уақытта «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Үржар ауылындағы әуежайдың ұшу-қону жолағын қайта жаңғыру жұмыстары жалғасуда.

Бүгінде асфальт жамылғысына дейінгі дайындау қабатының 50 пайызы орындалып, төселген асфальт жамылғысының бірінші қабаты 300 метрге ал екінші қабаты 200 метрге жеткен. Сонымен қатар бақылау мұнарасының бірінші қабаты көтеріліп, орталық тарату нүктесі ғимаратының қабырғалары салынып жатыр.

Аудандық ТҮКШ бөлімінің хабарлауынша, ұшу-қону жолағының асфальт жамылғысын қазан айына дейін аяқтау жоспарланған.

Осы айдарда

Back to top button