«KazSat-3»-ке көшу қосымша арналарды көруге мүмкіндік береді
«Қазтелерадио» АҚ филиалының директоры ОРал Жамақышев оқырмандарымызға цифрлық телевизияны енгізудің қызықты деректері туралы әңгімелеп береді
-Баршаға мәлім болғандай, 2014 жылдың желтоқсанында шетелдік жерсеріктерден ақпараттық сыйымдылықтарды жалға алудан бас тарту арқылы елден қаражаттың жылыстауының алдын алатын және елдің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қазақстандық «KazSat-3» жерсерігі іске қосылған болатын. «Қазтелерадио» АҚ телерадио хабарларды таратудың Ұлттық операторы ретінде, сондай-ақ, өзінің цифрлық сигналының хабар таратуын отандық жерсерікке көшіруде. Қандай нәтижелерге қол жеткізгендеріңіз жөнінде және осы көшудің маңыздылығы неде екенін айтып берсеңіз?
-2016 жылдың 15-наурызынан біз «OTAU TV» жерсеріктік телевизияның абоненттерін отандық KazSat-3 жерсерігіне көшіруді бастадық. Қазақстандық жерсеріктің пайдасына таңдау экономикалық мақсатқа сәйкестілігімен қабылданған, мемлекеттік органдарды байланыстың тәуелсіз арналарымен қамтамасыз етуден басқа, отандық телерадио арналар өзіндік қаражаттарынайтарлықтай үнемдейді, өйткені, шарттар теңгеде жасалады және шетелдік валютаның бағамына байланысты емес, отандық жерсерікте сыйымдылықтарды жалға алу шетелдік жерсеріктерге қарағанда анағұрлым төмен. Осылайша, біз өз еліміздің экономикасының дамуына септігімізді тигіземіз және бұл отандық жерсерікке біздің көшуіміздің қажет болуының бірінші және басты себебі болып табылады.
Бұдан бұрын «OTAU TV» жерсеріктік телевизияның хабар таратуы 2016 жылдың күзінде өз жұмысын аяқтайтын шетелдік жерсеріктен жүзеге асырылды. Қазіргі таңда «OTAU TV» қызметтерін 1 млн.-нан астам абоненттер қолданады және 2016 жылдың қыркүйегіне дейін олардың әрқайсысы шетелдік жерсерікті өшіргеннен кейін телевизия арқылы ақпарат алудан айырылып қалмау үшін жерсерікті жабдықты қайта күйге келтіруді міндетті түрде жүзеге асыруы тиіс.
-Абонент өз бетімен жабдықты қайта күйге келтіре ала ма?
-Иә, ол үшін KazSat-3 жерсерігіне абоненттің жабдығынкүйге келтіру бойынша оқытушы бейне нұсқаулық-материал дайындалған болатын. Бұл материал Интернет желісіндеwww.otautv.kz және www.kazteleradio.kz сайттарында қолжетімді. Егер жанұяда әртүрлі себептер бойынша жабдықты күйге келтіретін адам болмаса, онда абоненттер шарттық негізде күйге келтіртуді жүзеге асыратын авторландырылған дилерлерге білікті көмекті алу үшін жүгінулеріне болады. Олар әрбір ауданда, сондай-ақ барлық байланыстар www.otautv.kz сайтында бар. Бұл қызметтің құны 2000 теңгеден аспайды.
Абоненттердің назарына, өз жабдығынкүйге келтіргеннен кейін ол туралы колл-орталықтың: 193 немесе 8(727)2581500 телефондары арқылы міндетті түрде хабарлауы немесе өз дербес шотының нөмірін және телефон нөмірі туралы ақпараттыөз өңірінің сату орталығына қалдыруытиіс, бұл абонентке кепілді сыйлық алуға мүмкіндік береді.
– Қосылу үшін өтінішті қалай беруге болады және шебердің келуін қанша уақыт күту керек?
-Жерсеріктік жабдықты қайта күйге келтіру үшін өтінішті бірнеше тәсілдер арқылы қалдыруға болады: жоғарыда көрсетілген нөмірлер арқылы колл-орталыққа қоңырау шалу арқылы; Сіздің тұрғылықты жеріңіз бойынша өңірлік абоненттің бөлімге қоңырау шалуы арқылы; немесе www.otautv.kz ресми интернет-ресурсында онлайн-өтінішті қалдыру арқылы.
Бұл өтініштер дилерлер арқылы үлестіріледі және бір-екі күн ішінде шебер Сіздің үйіңізге барады, қайта күйге келтіру үдерісінің өзі жарты сағаттан аспайтын уақытты алады.
Алыстағы ауылдық аудандардың тұрғындары бірлесіп, қайта күйге келтіруге өтініш берулеріне болады, осылайша дилер бір күннің ішінде барлық елді мекенде жерсеріктік жабдықты қайта күйге келтіре алады. Егер, елді мекеннің тұрғындарының бірі қайта күйге келтіру үшін өтінішті беру шешімін қабылдаса, ол туралы мүмкіндігінше «OTAU TV» жерсеріктік телевизия орнатылған барлық тұрғындарды хабардар етіңіз. Осылайша, Сіз дилердің жұмысын жеңілдетесіз және қайта күйге келтіру үрдісін жылдамдатасыз. Дилерге бір-екі өтінішті орындау үшін алыстағы ауылға әрдайым бару қиын болады, ол сондай-ақ, көшу мерзімдеріне және қызмет көрсетудің құнына да әсер етуі мүмкін.
-Қазақстандық жерсерікке көшкеннен кейін көрермен қандай қосымша артықшылықтарға ие болады?
-Біздің абоненттер цифрлық телевизияның кескіні мен дыбыс сапасын бағалап үлгерді. Қосымша, электрондық хабарлар бағдарламасы және телегазет сияқты сервистер болады. Біздің тараптан тұрақты негізде арналар топтамасының құрамын – олардың сандық және сапалық түрінде жетілдіру бойынша жұмыстар өткізіледі. Қазақстандық «KazSat-3» жерсерігіне көшу көрермендерге қосымша SD арналарды көруге мүмкіндік береді, сондай-ақ ағымдағы жылдың күзінде ақылы топтаманың пайдаланушыларына қолжетімді болатын HD (айқындығы жоғары арналарын) арналарын көру мүмкіндігін береді.