ҚоғамТОП

«Казцинк» отандық жеткізушілермен серіктестікті дамыта түспек

Өскеменде «Елішілік құндылықты дамыту» атты форум өтті. Шара барысында «Казцинк» компаниясының өкілдері серіктестерімен ынтымақтастық жөнінде болашақ жоспарларымен бөлісті, жаңа заңнамалық нормалардан туындауы мүмкін қиындықтар туралы айтып, бірқатар офтейк-келісімшартқа қол қойды.

Облыстық ірі тау-кен металлургиялық компаниясы шағын және орта бизнеспен ынтымақтастықты белсенді дамытуда. Қазақстандық кәсіпорындармен жылына 10 мыңнан астам келісімшарт жасалады. Соңғы бес жылда 5 мыңға жуық отандық компания «Казцинк» ЖШС-нің серіктесі атанды. Тек 2023 жылдың қорытындысы бойынша, барлық тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің (республикада жоқ түрлерін қоспағанда) 80%-ы  жергілікті жеткізушілерден  60 млрд. теңгеге сатып алынды.

«Казцинкте» отандық компанияларға металлургтермен жұмысты жолға қоюға көмектесетін қазақстандық қамтуды дамыту қызметі жұмыс істеп келе жатқанына 12 жылдан асты.

– Елішілік құндылықты дамыту – компанияның басты бағыттарының бірі. Біз тауарлар мен қызметтерді отандық серіктестерден сатып алу барысын барынша жеңілдетуге, неғұрлым көбірек жеткізушінің бізбен жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызуға тырысамыз. Осы жылдар ішінде моноқалаларда «Казцинкпен» бірге пайда болып, аяққа тұрған шағын және орта бизнес өкілдерінің саны айтарлықтай көп, – дейді «Казцинк» ЖШС-нің әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы директоры Андрей Лазарев.

Форум аясында тау-кен металлургия компаниясының өкілдері  серіктестерімен бірлесе жұмыс істеудің жаңа бағыттарын талқылап, оларға ағымдағы кезеңнің сатып алу жоспарын таныстырды. Сонымен қатар өзгерген мемлекеттік «Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу қағидаларына» талдау жасалды.

– Соңғы өзгерістердің бірі – тендерлік рәсім өткізу кезінде жұмыстар мен қызметтердің құрамынан тауарларды бөліп алу. Өзгерістерге алдын ала дайын болу үшін біз серіктестерімізбен барлық түйткілді мәселелерді бірлесе талқыладық, – деді жер қойнауын пайдалану басқармасының басшысы Татьяна Иванова.

Сондай-ақ іс-шара аясында отандық компаниялармен жалпы сомасы 5 млрд теңгеден астам офтейк-келісімшарттарға қол қойылды. Солардың бірі – «РСУ и К» ЖШС өндірістік кәсіпорны.

Біз «Казцинкпен» жиырма жылдан астам жұмыс істеп келеміз. Құрылыс-монтаж жұмыстарын орындаймыз. Сондай-ақ ағаш бұйымдарын шығарамыз. Бүгін алғаш рет офтейк-келісімшартқа қол қойылды. Келешекте де жемісті, өзара тиімді ынтымақтастығымыз жалғасады деп үміттенеміз. Шағын және орта бизнестің ірі кәсіпорындармен ынтымақтастығы тұрақтылық, төлемдердің уақтылы болуын қамтамасыз етіп, ертеңгі күнге сенімділік береді, – деді «РСУ и К» ЖШС директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Анна Захарова.

Осы айдарда

Back to top button