Тұлға

Қазақы мінезімен халыққа жақын еді

Адамның абыройлы болуы мінез бен істеген ісіне байланысты. Мінездің де түр-түрі бар ғой. Біз білетін  Бердібек Сапарбаев халыққа қазақы меніземін жақын еді.

Ол кісі әкім болып келген тұста біздің облысмыз қазақылыққа зәру болып тұрған болатын. Міне, бұл «тілегенің алдыңнан, іздемей-ақ табылар» дегенге сай келді. Осы тұрғыда ұлттың ұпайын түгендеу бағытында атқарылған істері өте көп болды. Оны санамалап жатудың қажеті шамалы деп ойлаймын.

Жақсыдан қалған шарапатты істің жемісін ел көріп отыр.

Екінші бір жақсы қасиеті ерінбей еңбек етіп, елге жақын жүретін. Бердібек Мәшбекұлы басшылықта болған бес жыл ішінде облыстың түкпір-түкпірін аралып шықты. Қаланы да, даланы да аралады. Әрбір ауылға дейін барып, оның мәселесін жеке-жеке шешетін әкім сирек, тіпті, жоқ деуге де болады. Тынымсыз еңбек ететін мазасыз адам еді. Өзіне де, өзгеге де маза бермейтін. Нәтижесінде кез келген мекеме мен ауылға дейін келіп қалар деп дайын отыратын және жұмысын тиянақты атқаратын.

Мысалы, Тарбағатай ауданына қарасты Жәнтікей және Көкжыра ауылдарын су басқан тұста бірнеше рет барып қайтты. Жай ғана барып қайтпай, халықпен ақылдаса отырып мәселенің түйінін шешті. Оның табиғи апат екенін елге де, билікке де түсіндіре біліп, қажетті көмекті жасады. Міне, бұл халыққа жаны ашитын адам екендігінің көрінісі. Бұдан өзге де өңірді өркендетуге арналаған көптеген бастамаларды жүзеге асырып, жүйелі жұмыс атқарды.

Бердібек Сапарбаевтың тағы бір қыры ретінде спортқа жақыныдығын тілге тиек етуге болады. Өзі ғана спортпен айналыспай қол астындағы қызметкерлерін де спортпен шұғылдануға үгіттеп, залда бірге жүретін. Маңайын салауатты өмір салтын ұстанып, ширақ жүруге шақыратын. Әрдайым спортпен айналысатын Бердібек Сапарбаев 70 жасты желіп жүріп қарсы алар деп ойлаймын. Әлі де мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін!

 

Түсіпхан Түсіпбеков,

қоғам қайраткері

Осы айдарда

Back to top button