Қоғам

Қазақстанда жыл соңына дейін халық саны 20 миллионға жетеді

Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

Мемлекет басшысының айтуынша, жыл соңына дейін ел азаматтарының саны 20 миллионға жетеді, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Президент ҚР Үкіметіне қазіргі демографиялық ахуалды елдің бәсекеге қабілетін арттыруға пайдалануды тапсырды.

– Елімізде жыл сайын 400 мыңнан астам бала дүниеге келеді. Жыл соңына дейін халқымыздың саны 20 миллионға жетеді. Өмір сүру ұзақтығы да артып келе жатыр. Былтыр бұл көрсеткіш 74 жастан асты. Қазақстан – әлемдегі ең жас мемлекеттің бірі. Азаматтарымыздың орташа жасы – 32 жас. Тұрғындардың үштен бірі – жастар. Үкіметтің міндеті – қазіргі демографиялық ахуалды еліміздің бәсекеге қабілетін арттыруға пайдалану. Адал азамат және тұғырлы тұлға болудың негізі бала кезден қалыптасады. Сондықтан біз жас ұрпақтың қауіпсіз әрі алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз етуге тиіспіз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы айдарда

Back to top button