Елімізде «Ел бірлігі» атты жаңа мемлекеттік сыйлық пайда болады.
Бұл туралы мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда мәлімдеді, деп хабарлайды Didar ақпарат.
Президент елге үлгі болатын жасампаз әрі отаншыл жандарды мемлекет қолдауға тиіс екенін айтты.
“Ел бірлігі” ордені диаметрі 50 мм екі қабатты сегіз бұрышты жұлдыз түрінде болады.
Орденнің алдыңғы жағында ортасында көк түсті эмальмен құйылған “шаңырақ” орналасады.
“Шаңырақтан ” шеңбер бойымен “уық” түріндегі күн сәулелері таралады.
“Шаңырақтың” айналасында көгілдір түстің аясында “қошқар мүйіз” өрнектері салынады.
“Шаңырақтың” астында лентада жартылай шеңберде “ЕЛ БІРЛІГІ”деген жазу болмақ.
Ынтымақ Толқын