ЖаңалықтарТОП

Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті — Президент

Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті.

Осыған орай Мемлекет басшысы құттықтау жолдап, жақсы хабарды жеткізді, деп хабарлайды Didar ақпарат.

— Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы — бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді, — деп жазды Мемлекет басшысы.

Ұлттық статбюроның дерегінше, 20 миллионыншы азаматтың туған күні барлық қолда бар демографиялық деректерді ескере отырып айқындалды. Оның ішінде елге тұрақты тұруға келген және одан шыққандардың, туғандар мен қайтыс болғандардың саны бар. Бұрын халық саны туралы мәліметтер қолмен өңделетін және бұл көп уақытты қажет ететін. Мемлекеттік ақпараттық жүйелердің интеграциясы бұл процесті жеделдетуге және 20 миллионыншы азаматтың туған күнін жоғары дәлдікпен және қысқа мерзімде анықтауға мүмкіндік берді.

Халықтың саны туралы деректер базасының көрсеткіштеріне сәйкес, 2023 жылғы 14 қарашада таңғы сағат 8.10-да туған 5 бала еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанды. Қазақстанның мерейлі азаматтары Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келді. Олардың ішінде 3 ұл және 2 қыз бар.

Осы айдарда

Back to top button