Қоғам

Қайтарымсыз гранттың берері мол

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекеттің басты міндетінің бірі болып қалатанын баса айтты. «Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету жалғасады. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал етеді», – деді Мемлекет басшысы өз Жолдауында.

Тарбағатай ауданының экономикалық көрсеткіштерін тұрақты дамытуда кәсіпкерлік саласының маңызы жоғары.  Бұл жағынан ауданда жеке бизнесін бастап, ісін ілгерілеткен тұрғындар саны да артып келеді. Бала күнгі арманын өмірлік кәсібіне айналдырған жанның бірі Ақжар ауылының тұрғыны, көлік жөндеу шебері – Азат Қалибеков. Ол бүгінде көлік жөндеу орнын ашып, елге техникалық қызмет көрсетіп, өзіне адал несібесін тауып отыр.  Темір тұлпардың доңғалағын ауыстырып беруден бастап, барлық жөндеу жұмыстарын істейді. Ашылғаннан бергі  бес жыл ішінде тұрақты қызмет алушылар легі де қалыптасқан. Тиянақты, сапалы істегендіктен Азаттың қызметіне сұраныс үзілмейді. Қызмет көрсету тиімділігі мен жұмыс күшінің артуын әрине, қажетті құрылғылар қамтитындығы анық. Механиктер үшін ең маңыздысы осы. Осы орайда, Азат Қалибеков үкіметтің ұсынған мүмкіндігін керегіне пайдаланды. Қысқа мерзімді курсын оқып аяқтап, «Еңбек» бағдарламасы арқылы қайтарымсыз грантқа қол жеткізген. «Жалпы, өзім осы көлік жөндеу мамандығын бітірдім. Ауылға келген соң бір істі қолға алу керек деген оймен жүрдім. Алғашында қаржы болмауы қолбайлау болды. Сосын мемлекеттің кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған бағдарламасын естіп, қатыстым. Нәтижесі жаман болған жоқ.  Мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, көлік жөндеу орнын ашып алдым. Табысым да отбасын асыруға жеткілікті, ең бастысы, өзім қалайтын іспен айналысып отырмын», – дейді кәсіпкер Азат Қалибеков.Тарбағатай ауданы әкімдігінің мәліметінше, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, оларды жұмыспен қамту мәселелері жіті назарда. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты бойынша қысқа мерзімді курстарда 37 азамат  11 мамандық  бойынша оқуда. Бағдарламаның екінші бағыты бойынша бизнес идеяларды іске асыру үшін 5 азамат жалпы соммасы  28,1 млн. теңгенің қайтарымсыз грантын алған. Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша жастар іс-тәжірибесінен 3 адам тәжірибеден өтіп, алғашқы жұмыс орнына 1 адам орналасыпты, қоғамдық жұмысқа 120 адам жолданған. Биыл мемлекеттік бағдарламалар арқылы халқы тығыз орналасқан оңтүстік өңірлерден ауданға 19 адам көшіп келіп, 4 адам тұрақты жұмысқа орналасқан

Ерлан Бапанов, ТАРБАҒАТАЙ.

Осы айдарда

Back to top button