Катонқарағайда өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр
1700 м-ден астам биіктікте шамамен 3 гектар аумақта жартастардағы жекелеген ағаштарды өрт шарпыды.
Катонқарағай ауданында Берел орманшылығының аумағындағы жартасты, таулы, қол жетпейтін жерлердегі өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Didar ақпарат.
Мұнда 1700 м-ден астам биіктікте шамамен 3 гектар аумақта жартастардағы жекелеген ағаштарды өрт шарпыған.
Орманшылар мен өрт сөндірушілер өрттің орнына атпен және ШҚО әуе бөлімшесінің МИ-8 тікұшағының көмегімен жетті.
Қазавиаорманқорғау МИ – 2 тікұшағы ауадан жағдайды үнемі қадағалап отырады.
Өрттің үстінен тікұшақпен 50 тоннаға жуық су құйылды.
Өрт сөнджіру жұмыстарына 155 орманшы, өрт сөндіруші және жергілікті атқарушы орган өкілдері, 13 бірлік техника және 3 тікұшақ жұмылдырылған.