Қоғам

Катонқарағай ауданына әкім тағайындалды

Катонқарағай ауданына әкім тағайындалды

Облыс әкімі Даниал АХМЕТОВТІҢ өкімімен Ахметқали Ахашұлы Нұрғожин Катонқарағай ауданының әкімі болып тағайындалды.
Ауданның жаңа әкімін аудан активіне облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов таныстырды.
Ахметқали Нұрғожин 1966 жылы Бесқарағай ауданында дүниеге келген.
1991 жылы Еңбек Қызыл Ту орденді Қазақ ауыл шаруашылығы институтын «агроном» мамандығы, 2005 жылы Орта Азия университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1997 жылы Бесқарағай ауданының совхоздарында агроном болып бастаған. 1997-2001 жылдар аралығында «Дарижан» шаруа қожалығын басқарды.
2001-2005 жылдары жер инспекциясында бас маман, 2005-2007 жылдары құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, қоғамдық көлік және автомобиль жолдары бөлімдерінің басшысы, одан кейін Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары, Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.
Катонқарағай ауданына әкім болып тағайындалғанға дейін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары лауазымында болды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Осы айдарда

Back to top button