Қоғам

Катонқарағай аспанында ұшатын тәрелке қайдан жүр?

Катонқарағай аспанында  ұшатын тәрелке қайдан жүр?
Өткен жылдың қыркүйегінде Катонқарағайда өткен Оралхан Бөкейдің 70 жылдық мерейтойында журналист Мерей Қайнаровтың обьективіне ілінген бұл суреттен НЛО анық көрініп тұр.
Мерейдің өзі суреттегі ноқатты бертін байқапты. Бір қарағанда суреттегі нүктені анық көру оңай емес. Оны тек үлкейткен жағдайда ғана тәрелкеге ұқсас сұлба байқалады.
– Түсірген суреттерімді үлкейтіп көретін әдетім бар, адамдарды қарап отырып суреттің жоғарғы жағына көзім түсті. Суреттегі ноқаттың нобайы ұшатын тәрелкеге келеді, -дейді ол.
Расында да, суретке зер салып қараған адамға беймәлім ұшатын зат анық көрінеді. Шалғайдағы Катонқарағайдың аспанында сабылысып ұшақ ұшып жатпайтынын ескерсек, кадрға ілініп қалған беймәлім ноқатты БҰО (НЛО) деуге негіз бар сияқты. Әйтпесе дәл сол күні, сол сәтте аспанда ешқандай тікұшақ немесе басқа да ұшатын техника болмаған.
Фото авторы бұл суретте қалайда бір жұмбақтың бар екендігін айтады.
– Ойда-жоқта обьективке түсіп қалған НЛО сұлбасын уфолог мамандарға көрсету керек. Өңірімізде мұндай тылысым құбылыстардың мән-жайын білетін мамандар жоқ екен, – дейді ол.

Дарын Нұрсапаров

Осы айдарда

Back to top button