ҚАРАША, ЖЕЛТОҚСАН МЕН СОЛ БІР-ЕКІ АЙ
Өскеменде қоңыр күз. Көктемі көп кешігіп, күзі ерте кеп қалатын біздің шығыста бұл мезгіл қайталанбас сұлулығымен ерекше. Синоптиктердің болжамы бойынша, күздің соңғы айы қарашада облыста жауын жауып, ауа температурасы қалыпты мөлшер шегінде болмақ.
«Қазгидромет» РМК 11-17 қазан аралығындағы Өскемен қаласындағы атмосфералық ауаның ластану деңгейі туралы да хабарлады.
11-17 қазан аралығында облыс орталығында ауадағы зиянды заттардың шекті рұқсат етілген концентрация мөлшері асып кеткен 116 жағдай тіркелген. Ауаның шамадан тыс ластануы әсіресе Д.Серікбаев көшесінде қатты байқалған. Бұған желсіз, қолайсыз ауа райы көп әсер еткен.
Облыстық экология департаментінің мәліметтеріне сәйкес қазан айының бүгінгі күніне дейін Өскеменде 11 қолайсыз ауа райы жағдайы, қыркүйекте 17 қолайсыз ауа райы жағдайы тіркелген.
Әзірше күз жылы күндерімен қуантып тұр. Жел де баяу, сол себепті Өскеменнің ауасы әзірге тамақ күйдіретін қалдықтардан тазара қойған жоқ.
Синоптиктердің болжамы бойынша, қарашада облыста жауын-шашын болып, ауа температурасы қалыпты мөлшерде сақталады. Тұман түсіп, көктайғақ болады. Қарашаның алғашқы он күнінде ауа температурасы түнде 0…-10°С және 0…+5°С болып, күндіз – 0…+5°С және +5…+15°С дейін көтерілсе, екінші, үшінші он күндікте ауа температурасы түнде-15…-20°С, күндіз -5…-12°С дейін төмендейді.
Жамал Ермен