ТОП

Карантин кезінде қалай дауыс береміз?

Қаңтардың 10-ы күні өтетін сайлауға байланысты мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің қаулысы қабылданды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады.
Ведомство басшысының айтуынша, қаулыда алдағы сайлауға байланысты эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бірқатар талаптар қарастырылған.
Олардың ішіндегі негізгілері мыналар:
1) сайлау учаскесіне қойылатын талаптар:
кіреберісте термометрмен температура өлшеу;
сайлаушылардың жүру бағытын көрсететін белгілер қою;
сайлау комиссиясы мүшелері 3 сағат сайын маска ауыстыруы тиіс;
қолды дезинфекциялауға арналған санитайзерлер болуы керек;
жиһаз бен техникалық жабдықты бір-бірінен кемінде 1,5-2 метр қашықтықта орналастыру;
кемінде 1,5-2 метр әлеуметтік арақашықтықты сақтау;
келушілердің дене температурасы көтерілген (37ºС жоғары) жағдайда адамды оқшаулауға арналған жеке кабинет болуы қажет.
Сайлаушыларға қойылатын талаптар:
сайлау учаскесіне келгенде медициналық немесе қорғаныс маскасын және қолға арналған антисептикалық құралды пайдалану.
Үйде емделуіне байланысты оқшаулау режиміндегі немесе коронавирус инфекциясына байланысты карантинде отырған дауыс берушілер сайлау учаскесінен тыс жерде дауыс беру туралы өтініш білдірген жағдайда сайлау комиссиясының мүшесіне хабарлауы тиіс.
Сайлау учаскелерінде тұрақты жұмыс істейтін адамдарға қойылатын талаптар – жоғары және орташа қауіпті аймақтардағы сайлау комиссиясының мүшелері.
– Сайлау комиссиясының мүшелері, бақылаушылар мен сенім білдірген адамдар 5-9 қаңтар аралығында тексерілуі тиіс және олардың ПТР-тест нәтижесі теріс болуы тиіс, – деді Алексей Цой.

Осы айдарда

Back to top button