Қоғам

Карантиндік шаралар қайтадан күшейуі  де ықтимал

Облыстағы жұмысын қайта бастаған сауда үйлерінде, қоғамдық тамақтану нысандарында, басқа да көпшілік орындарда карантиндік шаралардың қатаң  сақталуына бақылау жасалады.

Соған қарамастан ашылған нысандардың көпшілігінде санитарлық нормалар, бетперде режимі, әлеуметтік арақашықтықты сақтау талаптары орындалмай отыр. Облыс орталығында тұрғындардың тым жайбарақаттыққа салынып,  қарапайым сақтану шараларын мүлде ұмытқаны байқалады. Сол себепті мониторингтік жұмыс топтары құрылды, егер жағдай өзгерсе, облыста карантиндік шаралардың қайтадан күшейтілуі  де ықтимал.

Кеше Өскемен қалалық мәслихатының депутаты, «Шығыс –адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Маржан Бақытқызы бастаған жұмысшы тобы «ЦУМ» сауда үйінде орналасқан  «Мечта», «Фора» дүкендеріне рейд жасады. Рейд кезінде екі дүкенде де бетперде кимеген тұтынушылар кездескені болмаса, дүкен сатушыларының барлығы бетперде мен қолғап кию талаптарын сақтағанына куә болдық. «Мечта» дүкенінде кіре берісте бетпердесі жоқ тұтынушыларға сол жерде майлықтан  бетперде жасап беретін қызметкер тұр.

–  Көп кездесетін кемшілік – дүкен тарапынан тұтынушыларға бетперде кию туралы қатаң талап қойылмайды. Біз түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз, – дейді Маржан Бақытқызы.

Облыс әкімінің орынбасары Әлішер Мархабаттың айтуынша, мониторингтік топтың мүшелері сауда орнында  санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың толық орындалмағанын анықтаса, нысанның жұмысын кемшіліктерді жойғанша бір тәулікке дейін тоқтататын шара қолданылатынын ескертті.

Айна Ескенқызы

Осы айдарда

Back to top button