Карантин кезінде санитарлық бекеттер арқылы қалай өтуге болады?
Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері орынбасарының осы жылғы 29 қазандағы №23-1 Қаулысы өңір тұрғындарының шаруашылық қызметіне және тұрмысына белгілі бір өзгерістер енгізді. Олардың көпшілігін, атап айтқанда, жүк автокөліктерінің жүргізушілерін санитарлық бекеттер арқылы өту мәселесі алаңдатты.
Себебі жүк тасымалдау кәсібі облыс пен Өскемен қаласының шекарасы арқылы жүріп-тұруға салынған тыйымға алаңдаулы, сонымен қатар көптеген адамдар «асыра сілтеу» бола ма деп күмәнданады.
Жағдайды айқындау үшін облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті Қаулының жүк тасымалдаумен айналысатын жүргізушілердің жұмысына қатысты тармақтарын түсіндіріп отыр.
Атап айтсақ, Қаулыға сәйкес санитарлық бекеттер арқылы кедергісіз кіріп-шығу жүктерді автотасымалдаушыларға, вахталық қызметкерлерді тасымалдайтын көлік құралдарына, күзгі дала жұмыстарын, ауыл шаруашылығы іс-шараларын атқаруға тартылған көліктерге және адамдарға, мұнымен қоса, растаушы құжаттар ұсынылған кезде бірінші қажеттіліктегі тауарларды, тамақ өнімдерін, дәрі-дәрмектерді, қатты, сұйық отын мен жағар-жанармайды жеткізушілерге, сондай-ақ облыстың шаруашылық тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге арналған тауарлар, жабдықтар мен материалдар салынған барлық жүк көліктеріне рұқсат етілді. Осы ретте олар жол парақтарын, жұмысқа арналған өкімхаттарды, жоспар-тапсырмаларды, тауар жүкқұжаттарын, іссапар құжаттарын, медициналық мекемелердің жолдамаларын, жеке куәліктерін көрсетуі тиіс.
Растаушы құжат болып мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, ал қызметкерлер үшін жұмыс орны берген мөрмен расталған еркін үлгідегі анықтама табылады.
Жұмыс берушінің мөрімен расталған еркін үлгідегі анықтамасы болған кезде азаматтарға тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері қарай жүріп-тұруға рұқсат етіледі.
Ал жоғарыда санамаланған санаттарға енбейтін адамдар аудан-қаланың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша берілген құжаттар болған кезде ғана санитарлық бекеттер арқылы өте алады.
Сондай-ақ облыс аумағында жүргізушінің карантинде болу талаптары жоқ екенін есте ұстаған жөн. Атап өтерлігі, жүк көліктері жүргізушілерін карантинге мәжбүрлеп қалдырудың бірде-бір фактісі болған емес.
Облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті әлеуметтік желілерде көптеген жалған ақпараттардың таралып жүргенін ескерте отырып, облыс тұрғындарынан ресми ақпарат көздеріне ғана сенім білдірулерін сұрайды.
Ержан Әбіш