ТОП

Карантин кезінде бекеттерден қалай өтуге болады??

Шығыс Қазақстан облысында карантин кезінде санитарлық бекеттер арқылы кімдерге және қалай өтуге болатыны түсіндірілді

Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері орынбасарының осы жылғы 28 қазандағы №23-1 Қаулысы облыс тұрғындарының шаруашылық қызметіне және тұрмысына белгілі бір өзгерістер енгізді. Олардың көпшілігін, атап айтқанда жүк автокөліктерінің жүргізушілерін санитарлық бекеттер арқылы өту мәселесі алаңдатты.
Қауіптер түсінікті, себебі жүк тасымалдау бизнесі облыс пен Өскемен қаласының шекарасы арқылы жүріп-тұруға салынған тыйымға төтеп бере алмайды, сонымен қатар көптеген адамдар жергілікті билік органдары тарапынан «асырасілтеушілік» бола ма деп қорқады.
Жағдайды айқындау үшін ШҚО тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті Қаулының жүк тасымалдаумен айналысатын жүргізушілердің жұмысына қатысты шығарылған тармақтарын түсіндіруде.
Сонымен, №23-1 Қаулыға сәйкес:
1. Санитарлық бекеттер арқылы кедергісіз кіруге және шығуға (жол парақтарын, жұмысқа арналған нарядтарды, жоспар-тапсырмаларды, тауар жүкқұжаттарын, іссапар құжаттарын, медициналық мекемелердің жолдамаларын, жеке куәліктерін көрсеткен кезде):
– жүктерді автотасымалдаушыларға, вахталық қызметкерлерді тасымалдайтын көлік құралдарына, күзгі дала жұмыстарын, ауыл шаруашылығы іс-шараларын жүргізуге тартылған көліктерге және адамдарға;
– растаушы құжаттар ұсынылған кезде бірінші қажеттіліктегі тауарларды, тамақ өнімдерін, дәрі-дәрмектерді, қатты, сұйық отын мен жағар-жанармайды жеткізушілерге, сондай-ақ облыстың шаруашылық тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге арналған тауарлар, жабдықтар мен материалдар салынған барлық жүк көліктеріне рұқсат етіледі.
Растаушы құжаттар – мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, қызметкерлер үшін – жұмыс орны берген мөрмен расталған еркін үлгідегі анықтама.
2. Жұмыс берушінің мөрімен расталған еркін үлгідегі анықтамасы болған кезде тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері қарай жүріп-тұруға рұқсат етіледі.
3. Жоғарыда санамаланған санаттарға жатпайтын адамдар ауданның/қаланың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша берілген құжаттар болған кезде ғана санитарлық бекеттер арқылы өте алады.
Облыс аумағында жүргізушінің карантинде болу талаптары жоқ екенін есте ұстаған жөн. Сонымен қатар, жүк көліктері жүргізушілерін карантинге мәжбүрлеп қалдырудың бірде-бір фактісі болған емес.
Құрметті Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары! Әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде көптеген жалған ақпараттар, яғни фейктер бар. Ақпараттық ресурстардың ресми көздеріне ғана сенім білдірулеріңізді сұраймыз!

“Didar” ақпарат

Осы айдарда

Back to top button