Қоғам

Каникулды қызықты өткізді

Каникулды қызықты өткізді


Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да «Пайдалы каникул» дайындық курстарының салтанатты жабылуы болды.

Он күн қатарынан облысымыздың 14 ауданындағы мектептерден келген 250-ге таяу 11-сынып оқушылары Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да «Пайдалы каникул» дайындық курстарына қатысты. Оқушылардың барлығы студенттерге арналған жатақханаларда тұрып, күнделікті 4-5 сағат бойы Өскемен қаласындағы лицейлер мен гимназиялардың мақтаулы мұғалімдерінің дәрістерін тыңдады.

– ҰБТ болатын пән сабақтарына қатысудан бөлек, оқушылар әртүрлі мәдени бағдарламаларға да, атап айтқанда «Крокодил» деп аталатын зияткерлік ойындар мен волейболдан өткен жарыстарға, «Алло, біз таланттарды іздейміз» атты шығармашылық байқауға, флэш-мобқа қатысты, – дейді курс кураторы Айсұлу Мұхамедқалиева. – Сонымен қатар, декандармен, ғалымдармен кездесулер ұйымдастырылып, университеттің ғылыми орталықтары мен лабораторияларына экскурсиялар жасады. Балалардың барлығы күзгі каникулды тек қызықты ғана өткізген жоқ, керемет адамдармен жүздесіп, жақсы достар тапты.

Шараның жабылу салтанатында ұйымдастырушылар тыңдаушылардың барлығына сертификаттар табыс етті. Курс барысында белсенділік танытқан оқушылар грамоталар мен дипломдарға ие болды. Университет өкілдері оқушылардың оқу жылын табысты аяқтап, ҰБТ-да жақсы нәтиже көрсетулеріне тілектестік білдірді.

Мейрам Екпін

Осы айдарда

Back to top button