Аймақтар аухалыОблыс әкімі: іссапарТОП

Қандысу бөгеті қашан жөнделеді?

Тарбағатай ауданының тұрғындарын алаңдатқан мәселенің бірі Қандысу су қоймасы.

Аудандағы суармалы жерлердің көбі аталмыш бөгетке зәру болып отыр, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Тарбағатай жұртшылығы аймақ басшысына Қандысу бөгетінің жағдайын жеткізді. Аталмыш су қоймасының негізгі қуаты 40 миллион текшеметр. Алайда су өткізу жүйесі мен басқа жабдықтар апатты жағдайда болғандықтан көп мөлшерде су жинауға қауқарсыз. Соның салдарынан аудандағы суармалы жерлер зардап шегуде.

-Біздегі басты мәселенің бірі Қандысу бөгеті. Егер су қоймасы толық күшіне енер болса аудандағы 7 мың гектарға жуық суармалы жердің көзі ашылар еді. Былтыр мұнда көпсалалы тексеу жұмыстары жүргізіліп, Қандысу апаттық жағдайдың алдында деген баға берілген болатын. Алдағы мақсатымыз сол су қоймасын қалпына келтіріп, ел игілігіне пайдалану, -дейді Тарбағатай ауданының әкімі Дархан Жөргекбаев.

Алдағы уақытта су қоймасын қайт жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжат әзірленбек. Жұмыс толық аяқталғанда Қандысу бөгеті толық қуатына енеді деп жоспарлануда.

Ынтымақ Толқын

 

Осы айдарда

Back to top button