ЖаңалықтарТОП

Қандай малды құрбандыққа шалуға болмайды?

Құрбан айт кезінде малдың қандай түрін құрбандыққа шалған жөн? Бұл сұраққа ҚМДБ басшысының кеңесшісі Кенжетай Дүйсенбай жауап берді.

Елордада Орталық коммуникациялар қызметінде Құрбан айт мерекесіне байланысты баспасөз брифингі өтті, деп хабарлайды Didar ақпарат KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Айта кетсек, Құрбан айт мейрамының алғашқы күні – 28 маусым. Құрбан шалудың уақыты 28 маусым күні айт намазы оқылып болғаннан кейін басталып, 30 маусымда кешкі ақшам намазына дейін аяқталады. Уақытынан ерте немесе кеш құрбан шалуға болмайды.

Құрбан шалуға үш түрлі мал ғана жарамды: қой-ешкі, сиыр-бұқа, түйе.

ҚМДБ өкілі құрбанға қошқар мен ешкі шалған дұрыс екенін айтады. Құрбанға шалатын қой мен ешкі бір жасар болуы керек, ірі қара мал – екі жасқа жетуі керек, түйе – бес жаста болуға тиіс. Сондай-ақ алты айлық қозы бір жасар баланың салмағына жетсе, оны құрбан шалуға рұқсат.

Бір адамның атынан бір қой немесе ешкі, ал ірі қара мал мен түйені бір адам немесе жеті адамның атынан құрбан шалуға болады.

– Егер бір отбасының асыраушысы ер адам ғана болса, оның шалған құрбандығы тұтас отбасының атынан есептеледі”, – деді Кенжетай Дүйсенбай.

Мынадай кемшіліктері бар жануарларды құрбан шалуға рұқсат берілмейді:

  • бір немесе екі көзі соқыр болса;
  • малдың сойылатын жерге өз бетінше жетуіне мүмкіндік бермейтіндей ақсақ болса;
  • екі немесе бір құлағы түбіне дейін толығымен кесілген болса;
  • бірнеше тісі болмаса;
  • мүйіздері сынған болса;
  • қатты арық немесе әлсіз болса;
  • құлағы немесе құйрығы туа бітті болмаса.

Осы айдарда

Back to top button