ТОП

Қандастарға қандай қолдау бар?

Тәуелсіздікті тұғырға қондырғаннан бері еліміз демографияның діңгегін бекемдей түсу үшін көші-қон саласына көп көңіл бөлді. Көшіп келген қандастарға қаржылыық та, рухани да көмек көрсетті. Қазіргі таңда шеттен келген қандастар Шығыс Қазақстан, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай,  Павлодар және Солтүстік Қазақстан обылстарына қоныстанып жатыр.

Көлігін сайлап көшіп келгендерге уақытша болсын орын жайлап беру жағын мемлекет қарастырған.Қазақстан Үкіметі этникалық қазақтарды репатриациялау саласында белсенді мемлекеттік қолдау жүргізеді. Қоныс аударуға және тұрғын үйді жалдау жөніндегі шығыстарды жабуға арналған субсидиялармен қатар, қандастарды жұмыспен қамту жағы қарастырылғаны  туралы жуықта Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тағыы бір мәрте хабарлады.

Алайда, көшіп келдім дегеннің барлығының қолына қаржыны ұстата бермейді. Алдымен этникалық қазақтар жергілікті атқарушы органдарға, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне өтініш беруі қажет. Осыдан кейін барып жоғарыда көрсетілген өңірлерге қоныстанған жағдайда белгіленген квотаға көшіп келушілер қол жеткізе алады.

Нақтырақ айтқанда атажұртқа оралған қандастарға (отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК-тен) біржолғы төлем және 12 ай ішінде жалдау шығыстарын жабу мен коммуналдық қызметтерді төлеуге (отбасына 15-тен 30 АЕК-ке дейінгі мөлшерде) субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған. Бұл қаржыға қол жеткізу үшін көрсетілген талаптар бойынша қадам жасау керек. Сонадай-ақ қандас мәртебесіне ие этникалық қазақтар өзге де қызмет түрлері мен жеңілдіктерге ие бола алатындығы заңда көрсетілген. Мысалы:

–  Қазақстан аумағына кіру кезінде көлік құралдарын қоса алғанда, жеке пайдалануға арналған мүлікке кедендік төлемдерді төлеуден босату;

– қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарында тегін бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін қамтамасыз ету;

– техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беретін оқу ұйымдарына оқуға түсуге квота шеңберінде білім алу (Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін квота 4% мөлшерінде белгіленген);

– Қазақстан азаматтарымен тең жағдайда жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтамасыз ету;

– мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға өтініш беру мүмкіндігі.

Міне, әрбір қандас осындай қызмет түрі мен жеңілідктерді пайдалануға мүмкіндігі бар. Ал кез келген уақытта Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға болады.

Атажұртқа келіп көрсетілген жеңілдіктің пайдасын көріп жатқан қандастар баршылық. Мысалы, осы жылғы тамыздағы жағдай бойынша 9 077 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алған. Ал Тәуелсіздіктен бері 1 млн 96,9 мың этникалық қазақ оралыпты. Оның (69,9%) Өзбекстаннан, 10,3% – ҚХР-дан, 7,1% – Түрікменстаннан, 4,0% – Моңғолиядан және 8,7% – басқа елдерден келген. Елге ел қосылып ерулік алып жатқаны ұлттың ұпайының түгенделгені деп білген жөн.

Алтай Ғали-Асқар

Осы айдарда

Back to top button