Қоғам

Кәсіпкерлерден артық төлем алып келген

Сурет: cabinetsalyk.kz

Жүк тасымалдау үшін жалғанған арнайы теміржолдардың (кірме жолдардың) иесі «ТАБЫС TRADE» пен «Ульба ЖД» компаниялары кәсіпкерлерден артық төлем алып келген.

– Екі жыл бойы негізсіз көтерілген тариф бойынша төлем беріп келген 18 кәсіпорынның құқығы қорғалды. Осы уақыт ішінде артық төлеген шығындары қайта есептеледі, – деп жазылған Шығыс Қазақстан көлік прокуратурасының бізге берген ақпаратында.

Ресми ақпарда жазылғандай, «ТАБЫС TRADE» компаниясы меншігіндегі кірме жолдарды мемлекеттік тіркеуге де тіркемеген. Көлік прокуратурасы оларға қатысты шара қолданып, жолдарын тіркеуге енгізіп қойған. Ал «Ульба ЖД» компаниясының тарифін Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстағы департаменті 16,3% төмендетті.

Біле жүріңіз, кәсіпорыныңыздың құқығы бұзылса, Шығыс Қазақстан көлік прокуратурасының «жедел желісіне» (8(7232)61-40-69) хабарлай аласыз. Прокуратураның мекенжайы: Өскемен қаласы, Увалиева көшесі,4.

Сонымен қатар, «Табиғи монополиялар туралы» заңға сәйкес, кірме жолдары бар компаниялар мемлекеттік тіркеуге тұруға өзі өтініш беруге міндетті екенін айта кетейік.

Жасын Қалибек

Осы айдарда

Back to top button