Қоғам

Кәмпиттің қорабына тыққан

Қаңтар айының соңында Өскемен қаласы полиция басқармасының Ертіс ПБ-нің «102» жедел арнасына шаһар тұрғындарының бірі есірткі заттарын тұтынып, сақтаумен айналысатыны туралы ақпарат келіп түсті.

– Үйдің ауласын тексеру барысында 36 жастағы ер адамның «Honda» маркалы автокөлігінен өзіндік иісі бар, қоңыр-жасыл түсті өсімдік тектес екі полимер түйіншегі табылды, – дейді облыстық полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев.

Полиция қызметкерлері күдіктінің пәтерін тінту барысында да дәл осындай зат тауыпты. Алайда бұл затты иесі кәмпиттің қорабына жасырған.

С.Мәдиевтің айтуынша, автокөлік пен пәтерден табылған салмағы 182 грамды құрайтын зат «кептірілген марихуана» есірткі заты болып шыққан.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сәрсен Қабылым

Осы айдарда

Back to top button