Қоғам

  Көкпектіде дүкен иелері жауапқа тартылды

Көкпекті ауданында жеті дүкен иесіне айыппұл салынған. Азық-түлік бағасын негізсіз өсіруге жол берген сауда орындары осындай жауапкершілікке тартылмақ.

Мемлекет басшысы әлеуметтік маңызы бар жоғары тауарлар мен азық-түлік түрлерінің бағасы негізсіз өспеуін және тапшылығы болмауын жергілікті атқарушы орган жетекшілеріне ұдайы назарда ұстау қажет екендігін тапсырған болатын.

– Президенттің осы тапсырмасын орындау мақсатында  аудан әкімі Асхат Смаиловтың тікелей бақылауымен Көкпекті, Самар ауылдарындағы сауда нысандарында азық-түлік бағалары арнайы құрылған жедел штаб қызметкерлерінің көмегімен тексерілді. Нәтижесінде аудан орталығында жеті дүкен иесіне азық-түлік бағасын орташа бағадан күрт өсіргені және сақтық шараларын қолданбағаны үшін айыппұл салынып, Самар ауылында тоғыз дүкен жұмысын тоқтатты. Алдағы уақытта да дүкендердегі азық-түлік бағасы назарда болып, бақылау жүргізілетіні айтылды, – дейді  аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Азамат Халық.

Лаура Тілеубайқызы

Көкпекті ауданы.

 

 

Осы айдарда

Back to top button