Қоғам
Жылу жүйесі қашан өшіріледі?

Сәуірдің ортасы, күн жылынды. Үй ыстық, ал жылу жүйесі өшкен жоқ Таныс жағдай ма? Шаһар тұрғындарын мазалаған сауалға жауап берейік. Биыл пәтерлерге сәуірдің соңына дейін жылу берілмек. Мамандар айдың екінші жартысында күн суытады деген ауа райы болжамын ескеріп отыр.
Жылу беруге қатысты «Өскемен жылу жүйелері» АҚ-ның техникалық директоры Асхат Букатов бүгін 16:00-де Өскемен әкімдігінің instagram аккаунтында тікелей эфирінде толығырақ айтады.
Балауса Қожаева