Қоғам

Жыл басынан бері 582 үй өртенді

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстанда мыңға жуық өрт шығып, 33 адам көз жұмған. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар комиссиясы мәлім етті.

Облыс әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаевтың төрағалығымен өткен комиссия отырысында бірқатар өзекті мәселе қаралды. Оның бірі – алдағы жылыту маусымында тұрғын үйлердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Жыл басынан бері облыста 950 өрт тіркеліп, 582 жер үйді жалын шарпыған. Тілсіз жаудан 33 адам мерт болып, иіс тиген 56 адам ауруханаға жеткізілді.

– Жылыту маусымына дайындық жұмыстары шілде айында басталған. Облыс бойынша барлығы 238 110 жеке тұрғын үй бар. Өрт оқиғаларын болдырмас үшін халық арасында түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Құтқарушылар, әсіресе әлеуметтік осал топтағы 8172 отбасыға ерекше назар аударған, – деп мәлімдеді облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.

Осы айдарда

Back to top button