Қоғам

Жұртшылық мал өсіруге ден қойды

Өңірде ауыл шаруашылығы жануарларының 41 пайызы жұртшылық шаруашылықтарында ұсталуда. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының ресми сайтында хабарланған.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша, облыста ауыл шаруашылығы жануарларының өсімі 4 пайызды құрады. Жалпы, Шығыстағы төрт түліктің тең жарымынан астамы шаруа қожалықтары мен ірі кәсіпорындарға тиесілі болса, 41 пайызы үй жанындағы шаруашылықтарда өсіріліп отырған малдың үлесінде.
Статистикалық деректерге сүйенсек, бүгінгі күні облыс аумағындағы ірі қара, қой мен ешкі саны шаруа қожалықтары мен үй шаруашылықтарында тең дәрежеде ұсталса, Қамбар ата түлігінің 62 пайызы шаруа қожалықтарының, ал үй құстарының 70 пайызы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының үлесіне тиесілі.
Сондай-ақ ірі қара мен ұсақ малдың үлесі Зайсан, Тарбағатай, Абай және Жарма аудандарында анағұрлым жоғары. Атап айтсақ, бүгінгі таңда аталмыш аудандардың әр ауласында орташа есеппен 10-13 бас ірі қара, 17-22 бас қой мен ешкі ұсталып отыр.

Азамат Темірбеков

Осы айдарда

Back to top button