Жұмыстары үздік деп танылды
Баршатас ауылындағы О.Меңаяқұлы атындағы орта мектептің ұстазы Әсем Жақсыбергенова мен оның шәкірті Арай Серікқызы таяуда халықаралық конференцияда бірінші орынды жеңіп алды.
Олардың жасаған еңбектері ІТ технологиясы бойынша 3д принтеріндегі ең үздік жұмыс деп танылды. Осылайша, Аягөз ауданының білім саласында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі көрініп, оларға жерлестері шын көңілмен ризашылықтарын білдірді.
-Жалпы, бұл көптен күткен нәтиже болатын,-дейді аудандық білім бөліміндегілер,-О.Меңаяқұлы атындағы орта мектептің алдарына қойып отырған мақсат-мұраттары мен білім тәжірибелері жетерлік.
Шынында да аталмыш мектеп біршама жылдардан бері әл-Фараби атындағы университетпен меморандум бойынша жұмыс істеп келеді.
Берікхан Тайжігіт, Аягөз ауданы.