Қоғам

Жұмыссыздық мәселесі талқыланды

Тәттімбек Асханұлы

Жастар арасындағы жұмыссыздық проблемасы Nur Otan партиясы облыстық филиалы жанындағы Отбасы, әйелдер және балалар құқығын қорғау мәселелері бойынша өңірлік қоғамдық кеңестің отырысында талқыға салынды.

Жиында қоғамдық-саяси өмірдегі әйелдер рөлін арттыру, «Жасыл ел» еңбек жасақтарын ұйымдастыру арқылы жастарды, оның ішінде жыл сайын жазғы кезеңде кемі 1,5 мың адамды жұмысқа орналастыру, «Жас маман» жобасы бойынша облыстың 10 колледжінде құзырет орталықтарын ашу, жыл сайын 5 волонтерлік жобаны іске асыру арқылы волонтерлік қызмет желісін кеңейту мәселелері қаралды.

– Былтыр бағдарлама аясында еңбекпен қамту органдарына 8939 жас хабарласып, оның 8907-сі жұмысқа орналастырылды. Ауылдық жерлерде 4916 жас өтініш білдіріп, 4691-і, яғни жүгінгендердің 95 пайызы жұмысқа орналастырылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орнына 2560 жас орналасты. Биыл бюджеттен субсидияланатын жұмыс орындарын құрғаннан кейін тұрақты жұмысқа орналасқандар үлесі кемінде 55 пайызға жетуі тиіс, – дейді облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының өкілі Татьяна Савченко.

Осы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыспен қамту органдарына 8939 жас өтініш білдірген.

Осы айдарда

Back to top button