
«AMANAT» партиясының облыстық филиалы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңестің отырысы өтіп, оған кеңес мүшелері мен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Досхан Қайырғазинов қатысты.
Күн тәртібінде екі мәселе – жастарды жұмысқа орналастыру үшін жағдай жасау (Мемлекеттік бағдарламалар: «Еңбек», «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны») және жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету жайы қаралды.
– 2022 жылғы жағдай бойынша ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде Жұмыспен қамту органдарына 1 847 жас жүгінді, оның ішінде 1 288 адам (жүгінгендердің 70%-ы) жұмысқа орналасты. Тұрақты жұмыс орнына – 678 (жұмысқа орналасқандардың 53%), субсидияланатын жұмыс орындарына – 610 адам (жұмысқа орналасқандардың 47%) тұрды. Биыл сонымен қатар «Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау» бағыты бойынша ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде жастар практикасына – 714 адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына – 132 адам жұмысқа орналастырылмақ, – деді Досхан Қайырғазыұлы.
Жиында басқарма басшысының орынбасарына кеңес мүшелері жастардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға қатысты көкейлерінде жүрген ұсыныстарын айтып, толғандырған сұрақтарына жауап алды.
Жастардың мәселелерін шешу мақсатында кеңес мүшелерінің ұсынысымен алдағы уақытта кезектен тыс жастарды қолдау кеңесінің отырысы өткізілмек.