ТОП

Жұмысқа кешікпейтін болды

Тасқын Болатұлы

Биыл республикалық және аудандық бюджеттен қаражат бөлініп, «Үлкенбөкен-Көкжайық-Үлгілімалшы» автомобиль жолында орташа жөндеу жұмыстары басталды. Жобаның жалпы сметалық құны 392 911 теңге. Жұмысты атқарып жатқан мердігер фирма – «Көкпекті жолдары» компаниясы.

– Жол тұрғындар үшін күретамыр іспетті. Жол азабын көріп келген тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Күнделікті Үлгілімалшыдан Көкпектіге үш рет барып-қайтатын болдық. Бұрын екі араға бір сағат жүрсек, қазір 15-20 минутта жетіп барамыз. Жұмысқа да енді кешікпейміз, – дейді Үлгілімалшы ауылының тұрғыны Шахан Тұрсынханов.

Айта кетейік, былтыр Тассай ауылына кіреберіс автомобиль жолының тоғыз шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Биыл да республикалық және аудандық бюджеттен қаражат бөлініп, Тассай ауылына кіреберіс автомобиль жолының қалған тоғыз шақырымы жөнделіп жатыр. Жобаның сметалық құны – 250 224 теңге. Мердігер фирма – «ОблШығысЖол» компаниясы.

Осы айдарда

Back to top button