Қоғам

Жұмыс тауып береді

«Қолыма жұмыс бергенің жаныма тыныс бергенің» дейді дана халқымыз. Семейде жыл басынан екі мыңға жуық адам жұмыс іздеп жүр. Бұл туралы қаладағы Жұмыспен қамту орталығының мамандары айтып берді.

Жұмыс іздегендердің 23%-ы – жастар. Орталық қызметкерлері баспасөз мәслихатында жақсы жаңалықтармен бөлісті. Семейде электронды еңбек биржасы бойынша қанатқақты жоба енгізілген. Жоба арқылы жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер электронды биржаға тіркеледі.

– Жұмыс іздеп жүрген әрбір адам электронды биржада тіркеле алады. Үш күн ішінде база бос жұмыс орындарын таңдап, оларды жұмыс берушіге жібереді. Егер база жұмыс іздеушіге жұмыс таппаса, онда оны жұмыссыз ретінде тіркейді. Кейін жұмыспен қамту орталығының мамандары жұмыс іздеген адамға жұмыс тауып береді, – дейді орталық маманы Гүлмира Бахтажарова.

«Еңбек  кз» сайтындағы ақпаратқа сәйкес орталыққа тоқсаннан астам кәсіпорын 400 бос жұмыс орнын ұсынған.

Кейінгі ақпарат бойынша, 413 адам жұмыспен қамтылған. Олардың бір бөлігі жастар тәжірибесіне, бір бөлігі әлеуметтік жұмыс орындарына және қоғамдық жұмыстарға жіберілді. Тұрақты жұмысқа екі жүзден астам адам тұрған. Жұмыссыздар есебінде 14 адам бар. Биыл 1142 адамды жұмыспен қамту жоспарланған.

Балауса МЭЛСҚЫЗЫ

Осы айдарда

Back to top button