Қоғам

Жұмыс орындарын ұсынды

Азамат Темірбеков

Жарма ауданында өткен бос орындар жәрмеңкесінде 28 кәсіпорын ауыл-аймақ тұғындарына жұмыс орындарын ұсынды.

Жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған халыққа жұмыс тауып беру мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың және  пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалардың әлеуметтік жағдайын жақсартуды мақсат еткен шара барысында құзырлы органдар қызметшілері бірқатар ауыл тұрғынына кеңестер беріп, мемлекеттік грант алуға жәрдемдесті.
Жәрмеңке барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілді.

Аудан аумағындағы ірі кәсіпорындар мен әлеуметтік, білім беру ұйымдары қатысқан жәрмеңкеде жалпы саны 28 кәсіпорын өздерінде бар бос орындарды жұмыс іздеп келген 17 жармалыққа ұсынды.

Бос орындар жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша тоғыз адамға кеңес беріліп, нәтижесінде төрт адам грант алуға ниет білдірсе, бір адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ екі адам қысқа мерзімді курстар бойынша оқуға бағытталса, бір маман жастар практикасы бойынша жұмысқа орналастырылды.

 

Осы айдарда

Back to top button