Қоғам
Жұма намазда мешітке баруға рұқсат берілді

Осы жұмада мешітке баруыңызға болады. Бұл туралы ШҚО бас мемлекеттік санитарлық дәрігері міндетін атқарушының жаңа қаулысы жарияланды.
Қаулыда жазылғандай, мешіттерде намаз (оның ішінде жұма намазын) келушілерді шахматтық реттілікпен отырғызып, жалпы сыйымдылығының 30%-на дейін толтырумен оқуға рұқсат берілді.
Сондай-ақ жаңа қаулыда жалпы саны 50 адамға еске алу рәсімдерін (ас беру) өткізуге рұқсат берілген.
Балауса Мэлсқызы