Жұлдыз-жорамал (31 мамыр – 6 маусым)

Тоқты. Айналаңызда болып жатқан барлық нәрселер үшін алаңдауға бейім боласыз. Сіз тіпті жақын достарыңыздың проблемаларын жүрегіңізге жақын аласыз. Демалыс күндері осы шамадан тыс эмоционалды күйзелістің салдарынан өзіңізді нашар сезінесіз.
Торпақ. Жаңа мансаптық шыңдарды бағындыруға талпынбай-ақ қойыңыз. Қолайсыз жағдайлар сізге кедергі келтіреді. Сондықтан тек ұсақ-түйек шаруалармен айналысыңыз. Бұл сіздің ағымдағы істеріңізді бір тәртіпке келтіреді.
Егіздер. Біраз уақыт бұрын алған қарқынды бәсеңдетпеген жөн. Тек алға қарай батыл қадам баса беріңіз, сонда сіз жеңіске жетесіз. Демалысты отбасы мүшелерімен немесе дос-жарандармен бірге өткізіңіз.
Шаян. Апта басында тиянақты жоспар құруыңыз керек, оны сіз жеті күн бойы ұстанасыз. Сіз жүзеге асырғыңыз келетін ешбір шаруа кедергілерге тап болмайды, сондықтан осы қолайлы жағдайды пайдаланып қалыңыз.
Арыстан. Осы аптада уәдені үйіп-төгіп бере бермеңіз. Біреуге уәде еткен істің бәрі сізден көп күш-қуат талап етеді, ал сіз энергияңызды өзіңіз үшін және жеке өміріңіз үшін сақтауыңыз керек. Демалыс күндері серуенге шығыңыз.
Бикеш. Сіз үшін осы аптадағы жалғыз мәселе – қажыр-қайратыңыздың жетіспеушілігі. Сізде жүздеген тамаша идея пайда болады, бірақ оларды жүзеге асыру үшін күш таба алмайсыз. Маңызды емес шаруаларды қоя тұрып, денсаулығыңыз туралы ойлана бастаңыз.
Таразы. Осы апта стрестің, толқулар мен күйзелістің болмауына кепілдік береді. Сіздің өміріңізде тыныштық пен тұрақтылық орнайды. Бұл – алдағы демалысты және істерді жоспарлау үшін өте қолайлы сәт.
Сарышаян. Әлеуметтік желілерде жаңа адамдармен танысу ұсынылмайды. Қарама-қарсы жыныстағы адамдармен хат алмасу кезінде абай болыңыз. Демалыс күндері көкке шығып, спортпен шұғылданған пайдалы.
Мерген. Апта өте шиеленісті болады. Сіз өз жақындарыңызбен түсінісе алмайсыз, олар сізге адал емес деп ойлайсыз. Бір сәт айналаңызға «қамал» тұрғызып, жақын адамдарыңыздан оқшаулануды шешесіз. Бұл мәселені нашарлатады.
Тауешкі. Бұл аптаны бірқалыпты өткізесіз. Сіз екінші дәрежелі істерге көңіл бөліп, ең басты шаруаларды назардан тыс қалдырып жүрсіз. Отбасы ішінде бірқатар проблемалар туындайтын болады. Бәрін серігіңізбен ақылдасып шешіңіз.
Суқұйғыш. Осы аптада шамадан тыс қарапайым әрі енжар боласыз. Сіздің бастығыңыз жаңа тапсырма бермейінше, өз еркіңізбен жұмыс бастамайсыз. Осылайша, сіз өзіңізге пайдалы әрі келешегі зор істерден қағылып қалуыңыз ықтимал.
Балықтар. Апта оңай әрі тез өтеді. Демалысыңыз басталмаса да, сіз тынығып қаласыз. Бәлкім, сіздің бастығыңыз еңбек демалысына шығады, сондықтан оның бақылауынсыз әріптестеріңізбен бірге тыныш жұмыс істей аласыз.
Didar ақпарат