Жұлдыз-жорамал (3-9 мамыр)
Тоқты. Осы аптада отбасыңыз үшін алаңдайсыз. Сіз өз өміріңізді ретке келтіргіңіз келеді, бірақ айналадағы адамдар мазалайды. Үй шаруасында, тазалау не жөндеу жұмыстарында тек достарыңыз ғана көмек көрсететін болады.
Торпақ. Ештеңе туралы алаңдамаңыз. Барлық кішігірім мақсаттарыңыз ертегідегі секілді оңай орындалады. Үлкен жоспарларға келетін болсақ, олар да сәтімен іске асады, бірақ ол үшін сізге біраз тырысу керек.
Егіздер. Осы аптада лирикалық көңіл-күйде боласыз. Егер сізде тұрақты серіктес болса, ол сіздің мінезіңіздегі өзгерістерге қуанып, таңғалады. Демалыс күндері романтикалық таныстыққа дайын болыңыз.
Шаян. Махаббат саласында проблемаларға тап болсаңыз, уайымдамай-ақ қойыңыз. Өмірлік сыңарыңыз алдағы уақытта табыла жатар. Ал қазір жаңғыз жүре тұрған жөн, өйткені сіз де, сіздің серіктесіңіз де отбасын құруға дайын емес.
Арыстан. Осы апта тым шулы болып өтеді. Жұмыс күндері денеңіз әбден шаршайды, ал демалыс күндері тыныш демалуға деген үлкен қажеттілікті сезінесіз. Әрине, жексенбіні достармен «қызу» өткізе аласыз, бірақ бұл жақсылықпен аяқталмайды.
Бикеш. Үй іші мазаңызды алады. Олар үнемі шу шығарады, ал сіз тыныш демалысты армандайсыз. Егер үйдегілер мазаламау туралы өтінішіңізді естімесе, достарыңыздың үйін біраз уақыт паналай тұрыңыз.
Таразы. Осы аптада өз-өзіңізді ұстай алмайтын боласыз. Сіздің қыңырлығыңызға тек үйдегілер ғана төзеді, ал қалғандары сізге ашық қарсы шығады. Өзіңізді өтпелі жастағы мектеп оқушысы сияқты ұстамаңыз, жауапкершілік таныту қажет.
Сарышаян. Қаржы саласына қатысты барлық қауіпті қадамдардан бас тартуға кеңес беріледі. Сіз тезірек бай болғыңыз келеді, сол үшін түрлі құйтырқы әрекеттерге ілесіп кетуіңіз әбден ықтмимал. Бұл өте қауіпті! Бөгде адамдардан аулақ болыңыз.
Мерген. Осы аптада эмоционалды жайлы орта қалыптасады. Сізді жан-жақты қолдайтын және құрметтейтін адамдар ғана қоршайды. Олардың көмегімен сіз өз мансабыңызды немесе жеке бизнесіңізді дамытуда үлкен серпіліс жасай аласыз.
Тауешкі. Сіз жұмысқа өте немқұрайлы қарайсыз, сәл шыдай тұрыңыз, табыс әкеліп жүрген ісіңізге жауапты болыңыз. Көптен күткен демалыс күндері келгенде жақсылап демалып, күшіңізді қайтарасыз.
Суқұйғыш. Сізді өмірлік серігіңіз қатты қуантады, тіпті таң қалдырады. Ол сүйікті асыңызды әзірлеп, мақтау сөздерді де аямайды. «Мұнда бір гәп бар» деп сезіктенбеңіз, бұл – сізге деген шынайы сезім.
Балықтар. Біреудің кеңесіне құлақ асу ұсынылмайды. Сіздің жеке тағдырыңызда жүзеге асырғыңыз келетін барлық іс тек өз қалауыңызға сәйкес келуі керек. Батыл болыңыз, алдағы өміріңізде жағымды жаңалықтар көп болады.