Жұлдыз-жорамал (27 желтоқсан – 2 қаңтар)

Тоқты. Жеке тұлға ретінде сізге не керек, қандай қажеттілігіңіз бар, осының бәрін сүзгіден өткізетін уақыт келді. Енді сіз мүддеңізді айқындап, алда атқаратын жұмыстарыңыздың сұлбасын жасап, көз алдыңызға елестетіңіз. Ал күнделікті міндеттерді уақытында атқару мен бүгінгі істі ертеңге қалдырмау тұрақтылықты қамтамасыз етеді.
Торпақ. Жоспарларыңызды жүзеге асыруда күтпеген кедергілер туындауы мүмкін. Сізге болып жатқанның бәріне шынайы қарау керек, «өздігінен жөнделіп кетеді» деп болмайтынға иек артудың керегі жоқ, осылай етсеңіз ғана діттегеніңізге жетесіз. Істеген әрекеттеріңіз шын жүректен болсын, сонда сәтсіздіктер айналып өтеді.
Егіздер. Күш-қуатыңыз бен жігеріңізді біріктіріп жұмыс істететіндей мүмкіндік туады. Сіз жоқтан бар жасаудың мүмкін емес екенін жақсы білесіз, бірақ егер түрлі құбылыстар, оқиғалардан «үрікпей», оларды батылдықпен өзара үйлестіре білгенде сәттілік есігіңізді қағатынын еске саламыз.
Шаян. Жұмыста да, шығармашылықта да өзгелермен бірігіп істеген жұмыс сәтті болмақ. Сүйіктіңіз, достарыңызбен керісіп қалудың түк пайдасы жоқ. Жұмыста да дау-шарғыдан алшақ жүрсеңіз дұрыс болар еді. Отбасы қарым-қатынасындағы өзгерістер жемісті болады. Сіздің жетістігіңіз өзара қолдау көрсетуге байланысты.
Арыстан. Салған күш-қуат, қаржы, уақытыңыз апта соңында-ақ ақталғалы тұр. Сондықтан кейінге қалдыруға болмайтын істеріңізге қанша қаржы салу керек, шығыны қандай болмақ, әбден қарастырып алыңыз. Жоспарларыңыздың ауқымы кеңейіп, пайда табу мүмкіндігіңіз арта түседі.
Бикеш. Басқалардың сіздің біліміңіз бен біліктілігіңізді бағалауына мүмкіндік беріңіз. Оған бола жүйкені жұқартып, ойлана берудің пайдасы шамалы. Одан да қолға түсе бермейтін бос уақытты денсаулығыңызды түзетуге, болашаққа жоспар жасауға пайдаланыңыз.
Таразы. Сәті түсіп тұрса, үндемей қалудың жөні жоқ. Ойыңызды ашық айтыңыз, бастама көтеруден қашпаңыз, күндердің күнінде нақ сіз көтерген бастама жұмыста сәттілік алып келеді. Егер жоспарларыңызды ары қарай дамыту үшін ерінбей әрекет жасайтын болсаңыз, аяғыңыздан нық тұрасыз.
Сарышаян. Дегбірсіздік пен күдік келтіруден сақтаныңыз, бұл қателіктердің алдын алады. Сабыр түбі – сары алтын. Осыны естен шығармаңыз. Ал бас-аяғы жоқ, көңіл-күйім болмай тұр деп «кесіп тастаудың» еш жөні жоқ. «Күйіп» кетуге болады, бірақ жалынының пайдасын көруге тырысыңыз.
Мерген. Сізге қаржы мәселесінде сақтық танытуға тура келеді. Есеп жасауда қателесуіңіз мүмкін. Қателікке ұрынбау үшін ақша жарату не келісім жасауда мұқият болу керек. Әсіресе ақша салуда сақтық шараларын қарастырған жөн, осы тұрғыда қабылданатын шешімді кейінге қалдырсаңыз дұрыс.
Тауешкі. Осы аптада өміріңіздің белгілі бір кезеңін қорытындылап алсаңыз болады. Көп жағдай өзіңізге мәлім, төніп тұрған қауіп жоқ. Жоспарларыңызға білек сыбанып кірісе беріңіз. Алдымен жоспардың өзін ой елегінен өткізіп алыңыз, орындалу тетіктерін қарастырыңыз. Айналаңызға жақсылап қараңыз, мүмкіндік көп.
Суқұйғыш. Қаржыңызды дұрыс жұмсамағаныңызды байқайсыз. Ісіңізде күтпеген қиындықтар туындауы мүмкін немесе даму қарқыны бұрынғыдай тұрақты емес екені көзге шалынады. Ең бастысы, еңсеңізді түсірмеңіз, жағдайға талдау жасап, проблеманың себептерін табу керек. Себеп салдарды жояды.
Балықтар. Атқаратын жұмыстың алдында әлсіздік танытуыңыз мүмкін. Өзіңізді кінәлі санаудың жөні жоқ, жағдай солай болып тұр. Табандылықтың да, асығыстықтың да керегі жоқ, дәл қазір сабыр сақтаған дұрыс, уақыт өте бәрінің себебі табылады. Ол сіздің мінез-құлқыңыз болуы ықтимал.