Қоғам

Жұлдыз-жорамал (16-22 тамыз)

Тоқты. Күрделілеу апта, жоспарларыңызды жүзеге асыруда күтпеген кедергілер туындауы мүмкін. Сізге болып жатқанның бәріне шынайы қарау керек, «өздігінен жөнделіп кетеді» деп болмайтынға иек артудың керегі жоқ, осылай етсеңіз ғана мақсатыңызға жетесіз.

Торпақ. Жеке тұлға ретінде сізге не керек, қандай қажеттілігіңіз бар, осының бәрін сүзгіден өткізетін уақыт келді. Енді сіз мақсатыңыз бен мүддеңізді айқындап, алдағы уақытта атқаратын жұмыстарыңыздың сұлбасын жасап, көз алдыңызға елестетіңіз.

Егіздер. Өзгелермен бірігіп істеген жұмыс тиімді әрі сәтті болмақ. Сүйіктіңіз, достарыңызбен жанжалдасу, керісіп қалудың түк те пайдасы жоқ. Жұмыста да дау-шарғыдан алшақ жүрсеңіз дұрыс болар еді. Отбасы қарым-қатынасындағы өзгерістер жемісті болады.

Шаян. Бұл аптада сізге күш-қуатыңыз бен жігеріңізді біріктіріп жұмыс істететіндей мүмкіндік туады. Сіз жоқтан бар жасаудың мүмкін емес екенін жақсы білесіз, бірақ егер түрлі оқиғалардан «үрікпей» тиімді тұстарын көре білгенде сәттілік есігіңізді қағатынын еске саламыз.

Арыстан. Басқалардың сіздің біліміңіз бен біліктілігіңізді бағалауға мүмкіндік беріңіз. Оған бола жүйкені жұқартып, ойлана берудің пайдасы шамалы. Одан да қолға түсе бермейтін бос уақытты өзіңізге, болашаққа жоспар құруға, өз мүддеңізге пайдалануға тырысыңыз.

Бикеш. Салған күш-қуат, қаржы, уақытыңыз апта соңында-ақ ақталғалы тұр. Сондықтан да кейінге қалдыруға болмайтын істеріңіз бен қажеттіліктеріңізге қанша қаржы салу керек, шығыны қандай болмақ, әбден қарастырып алыңыз.

Таразы. Дегбірсіздік пен шектен тыс күдік келтіре беруден сақтаныңыз, бұл жөнделуі қиын қателіктердің алдын алады. Сабыр түбі – сары алтын. Осыны естен шығармаңыз. Ал дәл осы кезеңде «көңіл-күйім болмай тұр» деп «кесіп тастаудың» жөні жоқ.

Сарышаян. Сәті түсіп тұрса, үндемей қалудың жөні жоқ. Ойыңызды ашық айтыңыз, бастама көтеруден қашпаңыз, күндердің күнінде нақ сіз көтерген бастама өзіңізге сәттілік алып келеді. Егер сіз жоспарларыңызды дамыту үшін әрекет етсеңіз,  аяққа  нық тұрасыз.

Мерген. Осы аптада өміріңіздің белгілі бір кезеңін қорытындылап алсаңыз болады. Көп жағдай өзіңізге мәлім, төніп тұрған қауіп жоқ. Жоспарларыңызды жүзеге асыруға кірісе беріңіз. Алдымен жоспардың өзін ой елегінен өткізіп алыңыз, орындалу тетіктерін қарастырыңыз.

Тауешкі. Сізге қаржы мәселесінде сақтық танытуға тура келеді. Есеп жасауда қателесуіңіз мүмкін. Қателікке ұрынбау үшін керек-жарақ алу үшін ақша жарату немесе іскер келісімдер жасауда мұқият болу керек. Әсіресе ақша салуда сақтық шараларын қарастырған жөн.

Суқұйғыш. Атқаратын жұмыстың алдында әлсіздік танытуыңыз мүмкін. Өзіңізді кінәлі санаудың жөні жоқ, жағдай солай. Табандылықтың да, асығыстықтың да керегі жоқ, сабыр сақтаған дұрыс, уақыт өте бәрінің себебі табылады. Ол сіздің мінез-құлқыңыз болуы ықтимал.

Балықтар. Қаржыңызды дұрыс жұмсамағаныңызды байқайсыз. Ісіңізде күтпеген қиындықтар туындауы мүмкін. Ең бастысы еңсеңізді түсірмеңіз, сізге жағдайға талдау жасап, проблеманың туындау себептерін табу керек. Себеп салдарды жояды.

Осы айдарда

Back to top button