Қоғам

Жұлдыз жорамал (15-24 ақпан)

Тоқты. Егер сіз күш-жігеріңізді жинап, бір арнаға құйсаңыз, кез келген проблемалық жағдайдан шыға аласыз. Осы кезеңде ерекше сақ болыңыз, бекер тәуекелге бармаңыз. Апта соңында қылтың-сылтыңды азайтып, отбасыңа көңіл бөлген жөн.

Торпақ. Белсенді іс-қимылдарға, батыл шешімдерге іштей дайын жүріңіз. Осы аптада сізге тәуекелге баруға тура келеді. Қолдауды ет жақын адамдардан табасыз. Жексенбіде жоспарларыңызды бұзуы мүмкін қияли достардан аулақ болыңыз.

Егіздер. Аптаның басында сіз кез келген мәселені шеше аласыз. Екінші жартыңызбен қарым-қатынаста барынша жомарт болыңыз. Сейсенбі-бейсенбі күндері сіздің айналаңыздағы адамдарға деген ықпалыңыз артады. Демалыс күндерін тыныш өткізіңіз.

Шаян. Сізді махаббат хикаясы күтеді. Ал, жұмыста барынша сақ болыңыз, сіз туралы өсек айтылып, айналаңызда шиеленіс басталады. Аптаның соңында адамдарға сенім артпаңыз. Демалыс күндері жаңа іспен айналысып көрген жөн.

Арыстан. Дүйсенбіде жақындарыңызға ерекше назар аударуға тырысыңыз. Күтпеген жерден басталған махаббат сезімі қуанышқа бөлейді. Аптаның екінші жартысында көптеген жұмыс күтіп тұр, барлық бастамалар сәтті болады.

Бикеш. Қажетсіз байланыстардан аулақ болыңыз. Жақындарыңызбен жиі уақыт өткізіңіз, қазір отбасылық мерекелер үшін жайлы уақыт. Демалыс күндері жақын адамыңызбен қарым-қатынас салқындауы мүмкін, ашуланбаңыз, бұл жайт ұзаққа созылмайды.

Таразы. Мол ақшаның артынан қумаңыз. Сіздің сүйкімділігіңіз бен шешендігіңіз кішкентай отбасылық қақтығыстарды шешу үшін пайдасын тигізеді. Жексенбіде тағдыр жағымды тосынсый жасап, асқақ арманыңыз орындалады.

Сарышаян. Жағдайды байсалды бағалаңыз, эмоциялар бой алдырмаңыз. Сәрсенбі-бейсенбі күндері қымбат зат сатып алуыңыз мүмкін. Аптаның соңында жақын адамдармен қақтығыстар болады. Салқынқанды болып, жағдайды сырттан қарауға тырысыңыз, мәселе өзі-ақ шешіледі.

Мерген. Дүйсенбіде ішкі түйсікке ерекше назар аударыңыз, сізге қауіп туралы ескертілуі мүмкін. Сейсенбі-бейсенбі күндері идеялар пайда болады, оларды сәтті жүзеге асыра отырып, сіз басқалардың көз алдында өсесіз. Демалыс күндері туыстарыңызға барыңыз.

Тауешкі. Батыл болыңыз, сонда кез келген мәселенің шешімін табасыз. Аптаның ортасында саяхаттауға жақсы мүмкіндік болады, сіз керемет демалып қаласыз. Өзіңізге қажетті затты сатып алыңыз. Демалыс күндері достар көмек сұрайды, бас тартпаңыз.

Суқұйғыш. Аптаның басында сізге салқынқандылық пен төзімділік қажет. Сәрсенбіден бастап іске кірісуге болады, бастысы – бәріне жеңіл қарап, бірақ оқиғаларды асықтырмау. Жұма күні жағымсыз адамдардан сақ болыңыз. Жексенбіде кіші-гірім авантюра күтпеген жеңіске жеткізеді.

Балықтар. Шамадан тыс амбиция алға жылжуға кедергі келтіруі мүмкін, алдыңызға тек нақты орындалатын мақсат қойыңыз. Аптаның ортасында сіз сәттілік шыңында боласыз. Жұма-сенбі күндері қызметіңіз ауысуы мүмкін. Барлық өзгерістер тиімді болады.

Ержан Әбіш

Осы айдарда

Back to top button