Жаңалықтар

Жүк тиейтін көлікті ұрлап кетті

Риддерде жүк тиейтін көлікті ұрлап кетті. Полиция департаментінің мәліметі бойынша, келтірілген шығын мөлшері – 1,5 миллион теңге.

–        Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Риддер қаласының 38 жастағы тұрғыны қолға түсті. Ол өзінің кінәсін мойындады. Күдікті техниканы гражда жасырған, – дейді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған факті негізінде Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Балауса Қожаева

Осы айдарда

Back to top button