Қоғам

ЖОЛНҰСҚАУДА МЕКТЕП САЛЫНЫП ЖАТЫР

Сәуір айынан бастап жағалаудағы Жолнұсқау ауылында көптен күткен жаңа мектептің құрылысы басталды.

     Бүгінде мектептің қабырғалары тұрғызылып, төбесі жабылып, есік-терезелері де салынған. Қазір нысан басында тоғыз құрылысшы еңбек етіп жатыр.

– Ауылдағы мектеп апаттық жағдайда болды. Соған қарамастан балалар талай жыл осы мектепте оқып келді. Құрылыс жаңа оқу жылына дейін біте қоймаса да, жыл аяғына дейін аяқталады деп отырмыз. Құрылыс бригадирі  Жандос Мыңғалиев өз ісінің маманы екенін көрсетіп жатыр. Мектептің жалпы ұзындығы 83 метр, ені 17 метр, теплофонмен жылытылады, сырты сайдингпен қапталмақ. Жаңа мектебіміз заманға сай, спорт залы, толық режимдегі шағын орталық, асхана, кең де жарық кабинеттер болады, – дейді мектеп директоры Болат Игібаев.

Жамал Ермен, Күршім ауданы.

Осы айдарда

Back to top button