
Көкпекті ауданындағы республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп-ұстауға 20-дан астам техника бөлініп, қажетті мөлшерде инертті материалдар жеткізілген.
Бүгінде аудандағы 50 елді мекенді байланыстыратын автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 868,7 шақырымды құрайды. Қазіргі уақытта республикалық жолдарды қыста күтіп ұстауға 11 қар тазалайтын машина мен техника қарастырылған. Сонымен қатар республикалық маңызы бар автомобиль жолындағы ең қауіпті «Байбура», «Өмеш» учаскелерінде жылыту пункттері орналастырылған. «Облшығысжол» мекемесіне қарасты ПДУ-6 мекемесі күтіп-ұстауға жауапты 237 шақырымдық облыстық маңыздағы автомобиль жолдарын тазартуға қар тазалағыш 10 техника бөлген. Сондай-ақ жолдарға себілетін екі тонна инертті материал да жеткізілді.
Қараша-желтоқсан айларында аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстауға аудандық бюджеттен 30000,0 мың теңге бөлінді. Қазіргі уақытта ауылдық округтермен ауылдық елді мекендердің ішіндегі жолдарды қардан тазарту бойынша мердігер ұйымдармен келісімшарт жасалды.