Қоғам

Жолдардың сапасына бақылау күшейеді

Облыстың сыбайлас жемқорлықпен күресушілері аймағымыздағы жолдардың сапасын бақылауды ары қарай жалғастырып, алдағы уақытта бұл жұмысты ширата түспек.

Бұл мәселе  “Сапалы жол” жобасы аясында облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Жол активтері сапасының ұлттық орталығы филиалының бірлескен жұмысын талқылау барысында сөз болды.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш жоба Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен бірнеше жыл қатарынан іске асырылып келеді және халықтың көңілінен шығуда.

“Сапалы жол” жобасы жергілікті және республикалық мазмұндағы жолдардың сапасына жыл көлемінде мониторинг жасауды көздейді. Қысқы кезеңде  жол жабынын қар мен мұздан тазартуға мониторинг жасаса, жазғы уақытта жолдағы жөндеу және құрылыс жұмыстарының сапасы тексеріліп, зерделенеді.

Кездесу барысында жолдарды жөндеу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне, жолдарды салу және реконструкциялау кезінде бұзушылықтарды анықтаудың әдістері мен тәсілдеріне және оларды күтіп-ұстауға қатысты мәселелер талқыланды.

 

Кәмал Естай

Осы айдарда

Back to top button