Қоғам

Жолдар жөнделіп, жағалау бекіді

Азамат Темірбеков

Ауыл-аймақтың жағдайын жақсартуға бағытталған «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Тарбағатай ауданының бірнеше елді мекенінің жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Атап айтсақ, республикалық және жергілікті бюджеттен жалпы сомасы 93 млн. теңгеге жуықтайтын қаражат қарастырылған жобаның бірі – Маңырақ ауылындағы екі көшені  орташа жөндеумен қамту жұмыстары. Бүгінде жалпы ұзындығы 3,7 шақырымды құрайтын көшелердегі жөндеу жұмыстарын «ПМК-Құрылыс» кәсіпорны жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар аталмыш бағдарлама аясында Көкжыра ауылының 4,5 шақырымға жуықтайтын көшелеріне асфальт төселді. Қазіргі уақытта жұмыстар толық аяқталған. Бұған қоса, Ескі Көкжыра ауылының 400 метрлік кіреберіс жолына да әлеуметтік әріптестік жобасы аясында асфальт жабыны төселді.

Бұдан бөлек, Тебіске өзенінің Құмкөл ауылдық округіне қарасты Құмкөл және Қызыл жұлдыз ауылдары маңындағы бөліктері қоқыстан тазартылып, тасқын суға қауқар көрсету мақсатында жағалауды көмкеру жұмыстары жүргізілді.

 

Осы айдарда

Back to top button